Саралап оқыту (лекция)

Ақмола  облысы

Бурабай  ауданы

Қашықтықтағы  семинар 

 

  Саралап  оқыту  ауыл  мектебінде  сабаққа

қызығушылықты  тәрбиелеу  құралы

Златополье  ом

14       қаңтар  2011 жыл

     Бұл  семинар  ауылдың  шағын  жинақталған  мектептерінің  мұғалімдеріне  арналады.

 

Қашықтықтағы  семинардың  жоспары

  Саралап  оқыту-оқу  үрдісін  ұйымдастырудың  тиімді  формасы.

         2.»Барыс  септік»  тақырыбы  бойынша  қазақ  тілінде  оқытатын  4—сыныптағы 

        қазақ  тілі  сабағы  

         3. 9-сыныптағы  тарих  сабағы. Тарихты  оқыту  үрдісінде  саралап  оқыту            

       тапсырмалары  және  рейтингтік  жүйе .

          4.  8-сыныптағы  «Рационалдық  теңдеулерді  шешу»  атты  тақырыптағы  математика 

         сабағы.

                   

Саралап  оқыту  ауыл  мектебінде  сабаққа  қызығушылықты  тәрбиелеу

құралы

 

«Оқыту  тиімділігі  оның  мазмұны  мен  әдістеріне

                                                             ғана  тәуелді  емес,  сонымен  қатар, оқушылар  

                                                          тұлғасының  жеке  басының  ерекшеліктеріне 

                                                                 байланысты».     психолог      Н. А.   Менчинская

   

  Білім  берудің  қазіргі  концепциясы  оқыту  қызметіне  деген қызығушылықты  тәрбиелеу  негізінде  оқушылар  тұлғасын  тәрбиелеу  және  дамыту  мақсаттарының  басымдықтарынан  шығады.  Әр  оқушы  өзінің  мүмкіндіктерін  толық  жүзеге  асыра  алатын  жағдай  жасау  маңызды,  ол   оқи  білетін  және  оқуға  ынтасы  бар  оқыту  субъектісіне  айналды.  Жекелей  оқыту  тәсілін  жүзеге  асырудың  құралы  саралап  оқыту  болып  табылады. 

Саралап  оқыту  дегеніміз  не?

Саралап  оқыту-  бұл  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  формасы,  мұғалім  оқу  үрдісі  барысында  бірыңғай  сапалық  қасиеттері  бойынша  қалыптастырылған  оқушылар  тобымен  жұмыс  істейді (гомогендік  топ).

    Деңгей  бойынша  сараптау  ерекшеліктері

  Ой  еңбегінің  дамуына  байланысты  саралау  қазіргі  педагогикада  бірыңғай  баға  алып  отырған  жоқ,  оларда  оң  бағалармен  қатар  кейбір  келеңсіз  аспектілері  де  бар.

  Оң  аспектілері:

  -қиын  балалармен  жұмыс  істеудің  тиімді  мүмкіндіктері  пайда  болады;

-қоғам  үшін  балаларды  ақталмаған  және  мәнсіз  теңдестіру  мен  орташаландыру  болмайды;

-мұғалімде  нашар  оқитын  оқушыларға  көмектесуге,  мықты  оқушыларға  көңіл  бөлуге  мүмкіндік  туады;

-сыныпта  үлгермеуші  оқушылар  қатарының  болмауы  жалпы  оқыту  деңгейін  төмендету  қажеттілігін  жояды;

-мықты  оқушылардың  білім  алуда  тез  және  терең  алға  жылжуына  деген  ынтасы  жүзеге  асады;

- «Мен-тұжырымдама»  деңгейі  артады:  мықтылар  өз  қабілеттерін  көрсете  алады,  ал  нашар  оқитын  оқушылар  оқу  жетістігін  сынауға  мүмкіндік  алады,  өзінің  келеңсіз  мінез-құлықтарынан  арылуына   мүмкіндік  туады;

-мықты  топтарда  ынта  деңгейі  артады;

-бірыңғай  балалар  жиналған  топтарда  балаға  оқу  жеңіл;

Келеңсіз  аспектілері:

-балаларды  даму  деңгейіне  қарай  бөлу  дұрыс  емес;

-әлеуметтік-экономикалық  теңсіздік  байқалады;

-нашар  оқитын  оқушылар  мықтылардың  соңынан  ере  алмайды, олардан  көмек  те  ала  алмайды,  жарыса  да  алмайды;

-  балаларды  нашар  топтарға  ауыстыру  олардың  абыройын  түсірген  сияқты  болып  көрінеді;

-жетілдірілмеген  диагностика  нашар  оқушылардың  қатарына  қабілетті  оқушылардың  кіріп  кетуіне  әкеліп  соғады;

-«Мен-тұжырымдама»  деңгейінің  түсуіне  әкеп  соғады:  элитарлық  топтарда  балаларда  «біз  кереметпіз» деген  иллюзия  пайда  болады,  нашар  топтарда  оқушылардың  өздерін-өздері  бағалау  деңгейі  төмендейді;

-нашар  топтарда  мотивация  деңгейі  төмендейді;

-  қайта  жасақтау  сынып  ұжымдарын  бұзады.

 Саралап  оқытудың  психологиялық-педагогикалық  негіздемесі  келесі  факторлармен  сипатталады:

-оқытудың  басында  оқушылардың  әр  түрлі  дайындығы;

-оқуға  деген  әр  түрлі  көзқарас;

-жеке  пәндерді  оқытуда  оқушылар  қабілеттерінің  деңгейінің  әр  түрлі  болуы;

-әр  түрлі  тәсілдер  мен  операцияларды  игеру  мүмкіндіктерінің  деңгейінің  әр  болуы;

-оқушылардың  жұмыс  істеу  қарқынының  әр  түрлі  болуы;

-өзін-өзі  тексеру  деңгейінің  әр  түрлі  болуы;

Сынып  ішілік  саралаудың  кезеңдері:

1.Топтарда  саралауды  жүзеге  асырудың  критерийлерін  анықтау;

2. Диагностикалауды  жүзеге  асыру;

3.Диагностика  нәтижелерін  есепке  ала  отырып,  топтарға  бөлу;

4. Саралау  тәсілдерін  таңдау,  әр  түрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды  әзірлеу;

5.Бұл  тәсілді  сабақтың  барлық  кезеңдерінде  жүзеге  асыру;

6.Диагностикалық  бақылау,  оған  сәйкес  топтың  құрамы  өзгеруі  мүмкін.

Оқи  алуларына  сәйкес  топтарға  бөлу  критерийлері:

1- топ

Нашар  оқитын  балалар.  Олар  баяу  әрекет  етеді,  сыныпқа  ілесе  алмайды.  Егер  осыларды  есепке  алмасақ,  оқуға  деген  қызығушылықтары  төмендейді,  сыныптастарынан  қалып  қояды.  Бұл  оқушылар  үшін  өткен  материалдардан  тапсырмалар  берілуі  керек  және  тапсырмалардың  көлемі  шағын  болуы  тиіс.

2-топ

Бұл  топтың  оқушыларына  материалды  естеріне  сақтау  үшін  көп  рет  қайталау  қажет.  Сырттай  олардың  психологиялық  ерекшеліктері  асықпайтындығынан, жоғары  эмоционалдығынан,  зейінінің  төмендігінен  және  жинақы  еместігінен  байқалады.Олар  үшін  жинақтауға  берілген  тапсырмалар  қиын.  Бұл  оқушыларға  берілген  жұмыс  алгоритмін  қолданған  пайдалы.  Теорияны  жақсы  игере  отырып,  олар  практикада  қате  жіберуі  мүмкін.   Бұл  оқушыларға  әр  әректті  ауызша  түсіндіруді  талап  ететін  тапсырмалар  ұсыну  маңызды. 

3-топ

Бұл  топқа  қозуы  мен  тоқтауының  тепе-тең  үрдісі  бар  оқушылар  кіреді.  Олардың  тұрақты  зейіні  бар,  заттардың  белгілерін  жақсы  ажырата  алады,  жинақтау  үрдісін  жақсы  игерген,  үлкен  сөздік  қоры  бар.

Сараланған  тапсырмалар-бұл  жаттығулар  жинағы,  оларды  орындау  негізінде   балалар  ережелерді  жақсы  түсініп,  игереді,  қажетті  дағдылары  қалыптасады.  Сараланған  тапсырмалар  тақтада,  кәртішкеде,  слайдтарда,  таблицаларда  жазылуы  мүмкін.

Сараланған  тапсырмалар  түрлері

1. Міндетті  тапсырмалар

Дағдыны  қалыптастыру үшін  оқыған  ережені  дұрыс  қолдануға  ықпал  етеді;   олардың  көлемі  шектелген  болуы  керек  және  әр  оқушының  күші  келетін  тапсырмалар  болуы  тиіс.

2. Қосымша  тапсырмалар

Бұл  міндетті  тапсырмаларын  орындай  алған  және  өздік  тапсырманы  орындауға  уақыты  бар оқушыларға  арналған.  Аталмыш  тапсырма  оқылған  ережелерді  пайдалануға  арналған  қиын  тапсырмалар,  олар  салыстыруды,  талдауды  және  белгілі  бір  қорытынды  жасауды  талап  етеді.  

Саралау  тәсілдері

1.Шығармашылық  деңгейлері  бойынша  оқу  тапсырмаларын  саралау.

Оқи  алу  деңгейі  төмен  оқушыларға  (1 топ)  репродуктивтік  тапсырмалар  ұсынылады, ал  оқи  алу  деңгейі  орташа  оқушылар (2 топ)  мен  жоғары  деңгейі  бар  оқушыларға (3 топ)  -шығармашылық  тапсырмалар  беріледі.  Шығармашылық  тапсырмаларды  барлық  оқушыларға  беруге  болады,  бірақ,  1-топ  балаларына  шығармашылық  элементтері  бар  тапсырмалар  берсек,  қалғандарына  алған  білімді  жаңа  жағдайда  қолдануға  болатын  шығармашылық  тапсырмалар  беруге  болады.

2.Қиындық  деңгейлері  бойынша  тапсырмаларды  сараптау

3-топ  үшін:  материалды  қиындату,  санын  өсіру,  негізгі  тапсырмаға  қосымша  салыстыруға  арналған  тапсырмалар,  дұрыс  тапсырмалардың  орнына  кері  тапсырмаларды,  шартты  символдарды  қолдану. 

3.  Оқу  материалының  көлемі  бойынша  тапсырмаларды  сараптау.

2  және  3-топ  оқушылары  негізгі  тапсырмалармен  қатар,  осыған  ұқсас  қосымша  тапсырмаларды  орындайды.

  Бұл  тәсілді  қолдану  себебіміз  оқушылардың  жұмысты  орындау  жылдамдығы  әр  түрлі  болады.  Қосымша  тапсырмалар  шығармашылық  мәнде  немесе  қиынырақ  болуы  мүмкін. Сонымен  қатар,  дәстүрлі  емес  тапсырмалар,  ойын  жаттығулары,  шынықтыратын  тапсырмалар  болуы  мүмкін.

4. Оқушылардың  өзіндік  жұмыс  дәрежесі  бойынша  жұмыстарды  сараптау.

 Барлық  балалар  бірдей  тапсырмаларды  орындайды,  бірақ  бір  оқушылар 

тапсырмаларды  мұғалімнің  басшылығымен  орындайды,  ал  басқалары  өздері  орындайды.

  Жұмысты  орындау:

-тапсырмалармен  танысу,  олардың  мазмұнымен  және  ресімдеу  ережелерімен  таныстыру (3-топ  өздігінен  жұмыс  істеуге  кіріседі);

-жұмыс  істеу  тәсілдерін  талдау,  жаттығулардың  жартысы  жаппай  орындалады  (2-топ  өздігінен  жұмыс  істеуге  кіріседі)

-Тапсырманы  орындауға  қиналатын  оқушылар  мұғалімнің  басшылығымен  жұмыс  істейді  (1-топ).

  Өздігінен  жұмыс  істеген  балалардың  жұмысын  жаппай  тексеру

  Жаңа  материалды  түсіндірген  кезде  саралау  жұмыстарын  ұйымдастыру  технологиясы  (қосымшаны  қараңыз)

Мұғалімнің  көрнекілікті  пайдалану  арқылы  немесе  көрнекіліксіз 

сабақты  түсіндіруі

 

Мұғаліммен  жұмыс

Оқушылардың  өздік  жұмысы

Көрнекілікті  пайдалану  арқылы  немесе  көрнекіліксіз  мұғалімнің  сабақты  қысқаша  түсіндіруі

№1  сараланған (міндетті) тапсырмаларды  орындауы 3-топ

Үшінші  тапсырма.  Тақырыптағы  ең  қиын  және  маңызды  жерлерді  бөліп  алу.

№2  сараланған  тапсырмаларды  орындау (міндетті -2 топ,  қосымша -3 топ)

Оқылған  ережелерге  сілтеме  жасай  отырып  немесе  түсіндіре  отырып,  берілген  тапсырмалардың  орындалуын  тексеру.

 

5.Оқушыларға  көмек  беру  мәні  бойынша  жұмыстарды  саралау.

Мұғалімнің  басшылығымен  жаппай  жұмысты  ұйымдастыруды  қарастырмайды. Барлық  балалар  бірден  өздігінен  жұмыс  істеуге  кіріседі. Бірақ  тапсырмаларды  орындауға  қиналатын  балаларға  дозалық  көмек  көрсетіледі.

Көмек  түрлері:

а)  көмекші  тапсырмалар,  дайындық  жаттығулары.,  б) көмекші-кәртішкелер.

Көмек  түрлері:

-тапсырманы  орындау  үлгісі;

-анықтамалық  материалдар;

-алгоритмдер,  жоспарлар ,  нұсқаулар,  жадынамалар;

-көмекші  сұрақтар;

-жұмыс  жоспары;

-жұмыстың  басталуы.

6.  Оқу  әрекеттерінің  тапсырмалары  бойынша  жұмысты  саралау.

-оқу  әрекеттерінің  формаларына  сәйкес:

-пәндік  әрекеттер (қолдарымен);

-перцептивтік  әрекеттер  (көздерімен);

-сөздік  әрекеттер  (сыртқы  және  ішкі)

-ойлау  әрекеттері  (ішкі  есінде  сақтау)

Саралаудың  әр  түрлі  тәсілдері бір-бірімен  өзара  әрекеттесуі  арқылы  қолданады.

   Қорытынды:

 Сараланған  тапсырмалармен  жұмыс  істегенде  көкейтесті (актуального  иближайшего  развития)  және  жақын  даму  аймақтарын  есепке  алу  маңызды.  Ол үшін  жұмыс  нәтижелеріне  үнемі  бақылау  жасап  отыру  қажет,  әр  тақырыптан  кейін  және  тақырыпты  оқу  барысында  диагностика  жүргізу  керек.

  Сараланған  тапсырмалар  мұғалім  қойған  мақсаттарға  тәуелді.

  Егер  мұғалімді  балалардың  дамуы,  әр  оқушының  оқудағы  жетістігі  толғандырса,  онда  ол  міндетті  түрде  оқытуда  жекелей  және  саралау  тәсілдерін   жүзеге  асырады.

  Саралап  оқытуды  қолданудың  нәтижелері

-танымдық  қызметке  қызығушылықтарын  арттырады;

-оқушылардың  білім  сапасын  10-15%  арттырады;

-нашар  оқитын  оқушылардың  қателіктерінің  алдын  алуға  мүмкіндік  береді;

өздік  жұмыс  істеу  қабілеттерін,  жігерін,  даралығын  дамытады.

Әдебиеттер:

1.  Н. Н. Деменева « Оқыту  үрдісінде  төменгі  сынып  оқушыларына  қолданатын  саралау  тәсілі».

//Бастауыш  мектеп.,2004 ж.,№2.

2. Г. К. Селевко «Қазіргі  білім  беру  технологиялары»  жоғары  пед-қ  оқу  орындарына  арналған  оқу  құралы.  1998 ж.

3.  Е. А.  Юнина.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар:оқу-әдістемелік  құрал.-Пермь:  ПРИПИТ  баспасы,  2008ж.

4. И. С. Якиманская  «Қазіргі  мектептегі  тұлғаға  бағытталған  оқыту». М., 1996

   

4-сынып       Аманбаева  Р. И.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Барыс септік.

Сабақтың мақсаты:

1.Зат есімнің септелу жүйесін меңгерту, барыс септігінің сұрағы және жалғауларымен таныстыру, сұрақ қою арқылы барыс септігінде тұрған сөздерді таба білуге үйрету.

2.Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлауын,дербес жұмыс істеуін, алған білімін пайдалана білуін дамыту.

3.Оқушыларды зейінділікке, алғырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білім беру.

Әдісі: түсіндірмелі,деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар, кесте.

Сабақтың барысы.

I Ұйымдастыру кезеңі.

II Үй тапсырманы тексеру.

III Өткен материалмен жұмыс.

-         Балалар, біз қандай тақырып өтіп жатырмыз.(Зат есімнің септелуі).

Зат есім-тілімізде ең жиі қолданатын сөз табы.Зат есімсіз мәтіннің мазмұнын түсіну мүмкін емес.Егер зат есім септелмесе сөйлемдегі сөздердің мағынасы қалай болар еді?

-Оқушылардың жауаптары.

Деңгейлік тапсырмалар.

1 деңгей. Сөз тіркестерін таңдап, сөздердің қай септікте тұрғанын ата.

2 деңгей. Төмендей сұрақтарға жауап беретін септікті тап.

3 деңгей. Сөздерді оқы,сөз құрамына талда.

Сергіту сәті.

IV Жаңа сабақты түсіндіру.

     1.Сөздерді оқу,сөз құрамына талдау.

Оқушыға, мектепке, кітапқа.

 

    2.Суретпен жұмыс.

Кімге? балаға                Неге?  итке   Қайда?  далаға

    3. Ереже.

Кімге?   Неге?  Қайда?   -қа, -ке, -ға, -ге.

   4.Ауызша жұмыс. 302 жаттығу.Барыс септіктегі сөздерді тап, оларға сұрақ қой.

Апат-қа (неге?),  ыдыс-қа (неге?).

    5. Өз беттерімен жұмыс.

1 деңгей   304 жаттығу.

2 деңгей   305 жаттығу.

3        деңгей   306 жаттығу (мұғалімнің көмегімен).

6.«Септелетін сөздер» ойыны. 

7.Көру диктант. Өлеңді жатқа жаз. 1,2 деңгей. 3 деңгей-көшіріп жаз.

V  Сабақты бекіту.

1.Кесте толтыру:

Нені білемін?

Не білгім келеді?

Үйрендім

Зат есім септеледі

 

Барыс септік, оның сұрақтары,жалғаулары

Атау септік

 

 

Ілік септік

 

 

2. Ереже.

VI Үйге тапсырма. Ереже. Ауызша жұмыс. 308 жаттығу.

VII Бағалау.  

 

 

9-сыныптағы  Қазақстан  тарихы  

Сабақтың  тақырыбы:  « Соғыстан  кейінгі  жылдардағы  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  дамуы»

Сабақтың  міндеттері:

Білім  беру:  оқушылардың  республиканың  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  дамуындағы  жетістіктері  мен  сәтсіздіктері  бойынша  білімдерін  бекіту  және  олардың  салдары  ретінде  қазақстандықтардың жағдайы  мен  өмір  сүру  деңгейінен  байқалуы;

Дамыту:  өзіндік  қызметтің  білік,  дағдыларын, қабілеттерін  бекіту  және  алға  қойылған  мақсат  пен  міндеттерді  жемісті  жүзеге  асыру;

Тәрбиелеу:  оқушылардың  өмірде  тек  мақсатты  еңбек  еткен  ғана  сәттілікке  қол  жеткізе  алатыны  жөніндегі  түсінігін ,  қиындықтарды  жеңу  арқылы  өз  күштеріне  деген  сенімдерін   ынталандыру.  

Сабақтың  типі:  білімді  бекіту  сабағы.

Әдістері:  сөздік,  көрнекі,  интерактивтік

Сабақтың  көрнекілігі:  оқу  мәтіндері,  үш  деңгейлі  сұрақтар  жазылған  беттер,  жауаптарды  бағалау  беттері,   «Қазақстанның  40-60  жылдардағы  дамуы»  атты  картасы,  жұмыс  дәптерлері-  лекциялық  материалдары  және  құрылымдық  сызбасы  бар  конспектілер.

Сабақтың  құрылымы

1.  Ұйымдастыру  кезеңі

2. Мұғалімнің  түсіндіруі.  Бүгінгі  сабақта  сендер  соғыстан  кейінгі  жылдардағы  республиканың  өміріне  жан-жақты  сипаттама  берулерің  керек.  Барлықтарың  көп  деңгейлі  тапсырмалар  арқылы  өзіндік  қызмет түрлерімен  таныссыңдар.  Бұл  сабақта  дайындық  деңгейлеріне  сәйкес  тапсырмаларды  таңдап  алу  құқықтарың  бар.  әрқайсыларыңа  үстелдеріңнің  үстінде  үш  деңгейлі  сұрақтар  жазылған  парақтар  жатыр.  3-деңгей - тақырып  бойынша  алған  ақпаратты  қолдануға,  айтып  беру  білігін  қажет  етеді,  2-деңгейдің  сұрақтары  жоғарыдағы  біліктермен  қатар,  бұл  ақпаратты  талдай  білуді  керек  етеді,  ал  1-деңгей  сұрақтары  күрделі,  онда  шығармашылық  мәндегі  тапсырмалар  бар.            

 Мұнда  ақпаратты  бағалай  білу  білігі,  ол  туралы  өз  ойын  айта  алуы,  оны  негіздей  және  қорғай  білуі.  Оқушылардың  алатын  бағалары  таңдаған  деңгейлеріне  сәйкес.  Мысалы ,  бірінші  деңгейдің «5» және  «4»  бағалары  2-деңгейдің  «5»  мен»4» -нен  жоғары.

 

3-деңгей:

1.  Соғыс  аяқталғаннан  кейінгі  жылдарда  Қазақстанда  жұмысшылар  мен  мамандардың  жетіспеу  себептерін  атаңыздар.

2. Соғыстан  кейінгі  жылдардағы  Қазақстан  экономикасының  жетістіетері  мен  нәтижелерін  атаңыздар.

3.  Ғылым, білім , әдебиет  алдында  тұрған  проблемаларды  атаңыздар.

  2-деңгей

1. Халықтарды  зорлап  қоныстандыру  себептерін  түсіндіріңіз.

2.Ауыл  шаруашылығын  көтеру  үшін  қандай  іс-шараларды  қолдану  қажет  еді  және  Қазақстан  үкіметі  қандай  іс-шараларды  қолданды?

3.Заңды  бұзушылық  және  үкімет  арқылы асыра  сілтеушілік  неден  көрінді?

1-деңгей

1.Қоғамның  саяси  жүйесі республиканың  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  дамуына  қалай  әсер  етті?

2. Республиканың  экономикалық  өміріндегі  өзгерістерді  атаңыздар.

3.Олардың  қайсыларының  оң  және  келеңсіз  жақтары  болды?

3.  Одан  әрі  оқушыларға  өзіне  сәйкес  деңгейді  анықтау  және  таңдау  үшін  уақыт (2-3 мин.)  беріледі.  1-деңгейді  таңдаған  оқушылар  жеке  отырады.  Тапсырманы  орындауға  5-7 мин.  беріледі.  Оқулықтарды  қажетіне  қарай  пайдаланбаған  орынды,  бірақ  кітаптан  тақырып  бойынша  тарихи  деректерді  қайта  қарау  білімнің  кеңеюіне  және  жауаптарын  дәлелдеуге   ықпал  етеді. Бұл  үшін  бекіту  сабағының  алдында  оқып  отырған  тақырыпқа  қатысты  әдебиеттер  тізімін  ұсынуға  болады.

 4.  Уақыт  өткеннен  кейін  оқушылар  таңдаған  деңгей  сұрақтарына  жауап  береді.  2-деңгей  мен  3-деңгей  сұрақтарын  таңдаған  оқушылар  бір-біріне  жауап  береді. Одан  кейін  мұғалімнен  жауап  үлгілерін  алып,  сыныптастарының  жауаптарын  олармен  салыстырады  сәйкес  келуін  тексереді,  бір-біріне  бес  баллдық  жүйеде  баға  қояды.  Ол үшін  оқушыларда  баға  қоятын  беттер  болады.  Бірінші  деңгейді  таңдаған  оқушылардың  жауаптарын  мұғалі  өзі  тексереді.

5.Одан  әрі  оқушылар  осы  схема  бойынша  дайындалады, жауап  береді,  өз  деңгейлерінің  сұрақтары  бойынша  жауап  береді.

6.  Жұмыс  аяқталған  соң,  сабақтың  аяғында  2  және  3-деңгейлермен  жұмыс  істеген  балалар,  әр  сұраққа  алған  бағасының  негізінде  өзінің  сыныптасына  баға  қояды  және  мұғаліміне  баға  қояды.  1-деңгеймен  жұмыс  істеген  балаларды  мұғалім  өзі  бағалайды.  Бағалар  арнайы  басталған  журналға  жазылады.  Бұл  бағалардың  ынталандыру  мәні  бар  екенін  оқушыларға  айтып  қойған  жөн.  

7.Үй  тапсырмасы:  Осы  тақырып  бойынша  бақылау  жұмысына  әзірлену.

Мұғалімдер  үшін  естелік

  -Рейтинг соңғы  нәтиже  болуға  көмектеспейді,  ал  рейтингтік  топ-тұйық  бола  алмайды  (жоғары  мақсаттарға   жылжу  арқылы  жарысу  ортасын  және  өз  күшіне  деген  сенім  атмосферасын  құру);

-оқушылар  қайта  тапсыруға  құқы  бар. ( сәтсіздік  уақытша  екенін , оны   түзетуге  болатынын  түсіну);

  -3 деңгейдегі  тапсырманы  нашар  оқушының  таңдап  алуы  оны  орындамаса  екі   бағасын  алады (бұл  оқушыны  өзінің  мүмкіндіктері  мен  білімдерін  шынайы  бағалауына  бағыт  береді. Оқушыларға  өздерінің  күштері  келетін  тапсырманы  орындауға  ренжітпей  бағыт  беру  керек).

-3-деңгейдегі  тапсырмалар  өте  қиын  дәрежеде,  оқушылардың  өздігінен  ойлау  қабілетін  дамытуға  бағдарланған. 

-2-деңгейдегі  тапсырманы  өте  жақсы  орындау  жоғары  баллмен  екі  рет  бағалануы  мүмкін,  одан  кейін  оқушы  3-деңгейге  жылжуы  керек.

-1-деңгейдің  тапсырмасын  ең  нашар  оқушылар  орындай  алатындай  болуы  тиіс.

-Оқушының  таңдауға  құқы  бар.

-Бақылау  үшін  өзін-өзі  және  бірін-бірі  бағалауы  маңызды (жұпта  талқылауды ұсынуға немесе  пікірсайыс  формасын  қолдануға  болады.  Пікірсайысты  ең  қиын  сұрақтар  бойынша  келесі  сабақта  өткізуге  болады).

-Мұғалім  сабақта  пікірсайыс  атмосферасын  құрып,  әр  оқушы  өз  рейтингісін  көтеру  үшін  бағыт  беру  қажет.

  Әдістемелік  нұсқаулар

Соңғы  он  жылдың  ішінде  мектеп  бағдарламаларында  берілетін  білім  көлемін  реттеуге  талпыныс   көптеген  пәндер  бойынша  білім  көлемінің  өсуін  тоқтатқан  жоқ.  Оқушының  орта  мектепте  оқыған  кезінде  игеретін  материалдарының  көлемі  қазіргі  кезде  өте  үлкен,  оны  оқуға  уақыт  жетіспейді,  балаларға  берілетін  жүктеменің  көп  болуы  айқын  фактіге  айналды.

  Әсіресе,  орташа  қабілетті,  ұяты  бар  оқушыларға  жүктемені  көп беру  дұрыс  емес.  Бұл  оқушылар  бар  күшін  салып  жұмыс  істейді,  ол  өз  кезегінде  денсаулыққа  зиянды. Орташа  қабілеті  бар  оқушылар  көп,  мұғалім  сабақта  оқушылардың  қиналғанын  көріп,  материалды  баяндаудың  тереңдігін  және  жылдамдығын  бәсеңдетеді.  Бұл  орташа  қабілеті  бар  оқушылардың  мүмкіндіктеріне  сәйкес  келгенімен,  жақсы  оқитын  оқушылардың  қабілеттерінің  дамуына  тосқауыл  болады.  Соңғылары  бар  күшін  жұмсай  алмайды,  бірқатар  пәндер  бойынша  сыныптағы  жұмыстармен  шектеледі,  ең  соңында,  олардың  қабілетінің  төмендеуіне  әкеп  соғады.  Нәтижесінде  тұлғаның  келеңсіз  қасиеттері( ат  үстілік, менсінбеушілік  және  т. б.)  қалыптасады.

  Оқытуды  дәстүрлі  ұйымдастыруда  оқушылардың  жеке  қабілетіне  бейімделу  мүмкіндігі  жоқ.  Бағдарлама  орташа  оқушыға  бейімделген.  Ал  «ынтасы  төмен  оқушылармен»   не  істеуге  болады?  Оларды   қиялдағы  орташалардың  қатарына  қалай  қосуға  болады?  Ал  «күштілермен»  не  істеуге   болады?  Оларды  не  ұмытып  кетесің (өздері  істейді)  немесе  керісінше, соларға  көп  көңіл  бөлесің  (олармен  жұмыс  істеу  қызық) .  Нашар  оқитын  оқушыларға  өз  күшіне  сенімін  жоғалтпас  үшін  кішкене  болсын  жетістік  қажет,  ал  күштілер  орташалар  қатарына  түспес  үшін  белсенділік  керек. 

   Жалпы  сыныппен  және  жеке  оқушымен  (олардың  жеке  дамуына  көмектесу  үшін)  бір  уақытта  қалай  тиімді  жұмыс  істеуге  болады?  Жеке  танымдық  дамудың  шекарасын  жоспарлауға  болады?  Әр  оқушы  өздерінің  психикалық  ерекшеліктерінің -шыдамдылығының,  талпынысының,  есте  сақтау  қабілетінің,  жылдамдылығының  және  ойлау  икемділігінің,  шығармашылық  қиялының  есебінен  білімді  игеруде  нәтижелерге  жетеді.

  В. А.  Крутецкий,  Н.  Богоявленский,  Н. А.  Менчинская,  З. И. Калмыкова  ғалымдардың  еңбектерінде  бұл  проблеманың  кейбір  аспектілерін  зерттеулері  оқу  материалын  қабылдауда  оқушылардың  мүмкіндіктерінде,  талдау  мен  топтауды  жүзеге  асыруда  және  онымен  байланысты  қорытындылау  мен  абстркциялауда  үлкен  алшақтық  бар  екенін  негіздейді.  Оқушылардың  жеке  қабілеттерінің  әр  түрлілігі  көп  болған  жағдайда  мұғалім  қажетті  деңгейде  әр  оқушының  мүмкіндігін  есепке  ала  алмайды,  осы  орайда,  оқу  үрдісі  орташа  оқушы  қарап  құрылады,  бұл  балалар  өздерін  оқуда  еркін  сезінеді.  Ал  орташаның  шеңберінен  шығатын  оқушылар  өздерін  ыңғайсыз  сезінеді.

  Нәтижесінде  бірыңғай  оқу  үрдісі,  бірыңғай  оқу  мазмұны  мен  балалар  дамуының  әр  түрлі  деңгейі,  жеке  мүмкіндіктерінің,  қабілеттерінің  және  ынтасының  әр  түрлілігі  арасында  қайшылық  туады.

  Бұл  қайшылықтарды  әр  түрлі  деңгейдегі    тапсырмалар  шешеді.  Олар  материалды  терең  игерту  мақсатында  және  оқушылармен  жұмыста  саралау  тәсілін  ұйымдастыру  мақсатында  қолданылады.  Бұл  жүйе  барлық  оқушыға   тапсырмаларды  дұрыс  орындауға   бағдар  береді,  ол  қиын  тапсырмаларды  орындай  отырып,  өз  қабілеттерін  жоғалтпайды.  Бұл  нәтижелерді  дәстүрлі  схема  бойынша  бағалау  мүмкін  емес,  бұған  рейтингтік  бағалау  сәйкес  келеді (әр  деңгейге  белгілі  бір  баллдар  қойылады,  олардың  жалпы  қосындысы  бағаны  береді).  Тапсырмалардың  деңгейлері  мұғалім  мен  сыныптың  өзара  қарым-қатынасының  кезеңдерінде  әр  түрлі  анықталады және  деңгейлер  осыған  байланысты  әр  түрлі  болады. 

  1-кезеңде: деңгейді  оқушыларды  өздігінен  таңдап  алады.  3-4  жұмысты  орындау  барысында  іздеу  жұмысы  жүргізіледі:  мұғалім  оқушыны  таниды,  ал  оқушы өзін-өзі  және  өз  білімдерін  таниды.

  Мұнда  деңгейлер:

1-күштілер.  2-деңгей-орташалар. 3-деңгей –нашар  оқитындар. 

 Екінші  кезеңде  оқушыны  зерттеу  негізінде  рейтингті  анықтауға  болады және  бақылау  жұмысына  арналған  дәптерде : 1. 2. 3.  деген  белгілер  қойылады.  Алғашқы рейтингтің  негізінде  оқушы  деңгейлік  тапсырманы  таңдап  алады.

  Келесі  кезеңдерде  оқушы  рейтингісін  көтеруге  талпынып,  өзіне  тапсырма  таңдап  алады,  осыдан  барып,  шынайы  рейтинг  негізінде  білім  сапасын  бағалауға  болады.

  Мұндай  жұмыс  жеке  оқушының  жеке  нәтижелерінің  өсуін  талдау  сияқты  маңызды  мәселені  шешуге  мүмкіндік  береді. Мұғалім  оқушылардың  қызметінің  қорытындысын  шығара  отырып,  тек  оқушылардың  кемшіліктерін  ғана  көріп  қоймайды,  сонымен  қатар,  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  кезіндегі  өзінің  кемшіліктерін  байқайды.  Бұл  өз  кезегінде  болашақта  қателіктерді  жібермеуге  көмектеседі.

  Кейде  келесі  жүйені  қолдануға  болады:  ұсынылған  тапсырмалардан  әр  сұрақ  баллдармен ( ұпайлармен)  бағаланатын  болса,  онда  сұрақтар  топтамасы  белгілі  бір  деңгейдің  сұрағы  болып  табылады  (бірінші,  екінші,  үшінші).  Бақылау  жұмыстары тестілерден  құрастырылмауы  керек,  ол  жазбаша  жауаптардан  тұратын  сұрақтар  болуы  тиіс:  екі-үш  тапсырма  шағын  деңгейде,  одан  кейін  екінші -деңгейдегі  тапсырмалар,  мұнда  материалдарды  салыстыру  және  талдау,  ең  соңында,  үшінші  деңгейдегі  тапсырмалар-проблемалық  мәнде,  бұл  деңгейдегі  жауаптарда  шығармашылық  тәсілдің  элементтері  болуы  керек.  Әр  сынып  бойынша  қолданылатын  ережелер   сыныптың  дайындық  деңгейіне  байланысты әр  түрлі  болады:

А) оқушы  жұмыстың  вариантын  таңдап  алады,  бірақ  барлық  тапсырмалар  өсу  бағытында  орындалады-бірінші  деңгейден  келесісіне,  екінші  деңгейдің  тапсырмасын  орындамай  жатып,  үшініші  деңгейді  орындауға  көше  алмайды  және  т. б.

В)сұрақтар  топтамасында  оқушы  әр  тапсырманы  шашыраңқы  орындай  береді.  Алған  баллдардың  саны  білім  сапасы  туралы  айтуға  мүмкіндік  береді.

  Оқушы  оқытудың  белгілі  бір  кезеңінде  неге  талпынатынын,  қандай  біліктері  болатынын  білуі  қажет.  Сондықтан  әр  сыныпта  қалыптасуы  қажет  жалпы  оқытудың   қандай  білім, білік  дағдылары  болуы  қажет  екенін  оқушыларға  түсіндіруіміз  керек.  Танымдық  материалға  тұрақты  қызығушылығы  бар  оқушының  мүмкіндіктерімен  оқыту  жылдамдығын,  ырғағын,  күрделілігін  білікті  түрде  үйлестіре  білген  жағдайда  мұғалім  оған  сәтті  әрекет  етуге  көмектеседі, оның  өзін-өзі  бағалау  деңгейін  өсіреді,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Жекелей  тәсіл  саралау  тәсілін  нақтылай  түседі.  Ол  әр  баланың  жекелей  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  оқытуға  қажетті  жағдай  жасауға  бағытталған:  жоғары  нерв  қызметінің  ерекшеліктері,  темпераменті,  мінезі, ойлау  үрдісінің  жүру  жылдамдығы,  білім  және  дағдылардың  қалыптасу  деңгейі,  жұмысқа  қабілеті,  оқи  алу  білігі,  ынтасы,  эмоционалдық-жігерлілік  аймағының  даму  деңгейі  және  т. б.

  Деңгейлік  саралаудың  мәні  мынада:,  бір  сыныпта,  бір  бағдарламамен  және  бір  оқулықпен   оқи  отырып,  оқушылар  оқу  материалын  әр  түрлі  игереді.  Бұл жерде анықтаушы  ретінде  міндетті  дайындық  деңгейін  атауға  болады.  Оның  жетістіктері  материалды  игеру  бойынша  қажетті  шағын  талаптарды  оқушының  орындағанының  айғағы  болып  табылады.  Мұның  негізінде  материалды  игерудің  жоғары  деңгейі  қалыптасады.  Өскелең  және  жасөспірім   шақтарында  балаларда  танымдық  қабілетінің  белсенді  үрдісі  жүреді.  Жасөспірімдер  қисынды  ойлай  алады,  өзіндік  талдауды  біледі,  теориялық   жағынан  ой  саптай  алады.   Олар адамгершілік,  саяси  және  басқа  да  тақырыптарда  өз  ойларын  еркін  жеткізе  біледі.  Сондықтан  шығармашылық  деңгейде  жұмыс  істейтін  оқушылар  үшін  талдауға,  салыстыруға  қатысты,  дәлелдеуді,  мәндісін  бөліп  алуды  және  бағалауды  қажет  ететін  тапсырмалар  беру  керек.  Сонымен  қатар,  егер  бала  тек  маңызды  проблемаларға  назар  аударса,  онда  кейбір  маңызы  бар  мәселелер  назардан  тыс  қалуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  бірінші  вариантты  пайдаланған  жөн.

   Материалды  игеру  деңгейін,  оны  оқу  жылдамдығын және  бақылау  тәсілдерін    таңдауға  оқушыларға  ерік  бере  отырып,  біз  тек  қарқынды,  мақсатты  еңбек  арқылы,  қиындықтарды  жеңу  арқылы  ғана  еркін  бола  аламыз,  сол  сияқты,  өз  күштерін  тексеруге   мүмкіндік  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: Косыбаева А.Т.
Просмотров: 6547
Дата создания: 3 Марта 2011 г.
Дата редактирования: 3 Марта 2011 г.