Список статей
Бурабай ауданында «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанаты өтті

2018 жылдың 14 ақпан  күні Щучинск қаласы №7 мектеп- лицейінде   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын насихаттау мақсатында  аудандық «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.  

     «Рухани жаңғыру» кабинеті – туған жеріміздің тарихына, әдебиетіне,салт –дәстүріне деген    сүйіспеншілігін арттыру, азаматтардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру  мақсатында құрылды.

     «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанатына Бурабай ауданының әкімі Қ. С. Қарауылов, аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпанова, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Т.Бейсенов,ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Қ.Жұмағұлов, облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  бөлім басшысы  С.Т.Қожахметова, білім бөлімінің басшысы Ж.М.Төлегенов ,аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.С.Қарсыбаева, колледж,мектеп, балабақша басшылары, аудан кітапханашылары, еңбек ардагерлері және жоғары сынып оқушылары қатысты.

«Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу шеңберінде қатысушылардың назарына бірінші қабаттағы  киіз үйде  «Ауылым алтын бесігім» атты  қазақтың салт- дәстүрінен көрініс көрсетілді. Дастарханға қойылған ұлттық  тағамдармен  қонақтар таныстырылды, киіз үйдің сыртында балалардың қатысуымен өткізілген ұлттық ойындарын тамашалады.

Екінші қабаттағы  технология кабинеттерінде  оқушылардың қолымен жасалған ұлттық тағамдар  және  қолөнер бұйымдарынан  көрме ұйымдастырылды,  шәкірттер  көрмедегі әрбір  заттың жасалу жолымен, құрамымен 

таныстырды. Содан кейін  мектептің спорт залында ұмыт болған ұлттық ойындар өткізілді. Сонымен қатар,  ауданымыздың дарынды және талапты жастарының  ғылыми жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, келген қонақтар  үздік жұмыстармен танысты. Қатысушылар мектептің үшінші қабатында орналасқан  «Рухани жаңғыру» кабинетінің  салтанатты ашылу  рәсіміне қатысты.

«Рухани жаңғыру» кабинетін салтанатты түрде  ашу құрметі Бурабай ауданының әкімі Қ. С. Қарауыловқа берілді.

 Кабинетті презентациялау  барысында оның  келесі  бөлімдерден тұратыны  баяндалды:. «Туған өлке табиғаты», «Бурабайым – алтын бесік тербетілген», «Өткеннен елес», «Тарих беттерінен», «Тарихи тұлғалар», «Өткен күннің тарихы», баяндау  негізіне  фотосуреттер  қолданылды.Сол сияқты, еліміздің тарихынан сыр шертетін  кітаптар мен латын әліпбиінің үлгісі таныстырылып, теледидардан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы бейнероликтер  көрсетілді.

       

Құрметті қонақтарымыз салтанат залында ұйымдастырылған  концерттік бағдарламаны тамашалады. Концертте қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарының сүйемелдеуімен күй және халық әндері  мен билері орындалды.        Бұл кабинет болашақта жас ұрпақтың тәрбиесіне өзіндік қомақты үлесін қосатыны сөзсіз.

Автор: Әкімшілік
Просмотров: 251
Дата создания: 14 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 14 Февраля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос